🎉 Алматы хайуанаттар бағына — 88 жыл !

📅 Күні: 2025 жылғы 7 қараша

🕚 Уақыты: 11:00

📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Алматы хайуанаттар бағы

 

7 қараша күні Алматы хайуанаттар бағы өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтеді! Бұл – табиғатқа, жануарларға және мейірімге толы дәстүрлі мереке.

Мерекелік іс-шара сағат 11:00-де салтанатты ашылу рәсімімен және қала өкілдері мен серіктестердің құттықтау сөздерімен басталады. Бағдарлама аясында зообақ қызметкерлерін марапаттау, ақ аю Пургидің қамқоршыларын алғысқа бөлеу, сондай-ақ «Менің сүйікті жануарым» атты балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Қонақтарды фотозоналар, жанды музыка және дәстүрлі «Жануарларға сыйлық сыйла» атты қайырымдылық акциясы күтеді. Бұл акция барысында әркім өз сүйікті жануарына кішкентай да болса қуаныш сыйлай алады.

💚 Мереке жылы лебізге, қуаныш пен мейірімге толы көңіл-күйде өтеді.

Барша алматылықтар мен қала қонақтарын, сондай-ақ БАҚ өкілдерін Алматы хайуанаттар бағының туған күнін бірге атап өтуге шақырамыз!

Бөлісу: