Live
5 тамызда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
5 тамызда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:30-да – «Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау шарттары туралы. Қалай өрт сөндіруші-құтқарушы болуға болады» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдар Скабаев және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты бөлімінің басшысы Ақжолтай Әбіләзімов.
- сағат 16:00-де – «Экология және қоршаған орта басқармасының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасарлары Ұлан Абдулдаев және Сергей Герасименко.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 5 тамыз сағат 11:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02