Live
Жоспарланған баспасөз турлары бойынша ақпарат
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі осы жылдың 21 қарашасында сағат 10.00-де Мемлекет басшысының өндірістерде, фабрикаларда және зауыттарда жұмыс істейтін еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсету туралы тапсырмасы шеңберінде Индустриялық аймақ аумағына «Еңбек адамы» баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.
Баспасөз туры аясында екі ірі кәсіпорынға бару жосапланған:
ТОО Teplostil – жылу панельдерін шығаратын зауыт
Бұл компания 2019 жылдан бері жұмыс істейді, Алматы қаласының Индустриалды аумағында зауыт 2022 жылы ашылды. Өндіріс көлемі - күніне 3 мың шаршы метр жылу панелі. Экспорт Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Германия аумақтары арқылы жүзеге асырылады.
Жылу панельдері үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды қаптау үшін қажет.
«Бижан ЕӨЗ» ЖШС - ет өңдеу зауыты
Зауыт 1998 жылдан бері жұмыс істейді, биыл ол 25 жасқа толды. Зауыт 80 өнім түрін, атап айтқанда шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттарды шығарады. ӨнімдерҚР және Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 15 тонна дайын өнім мен 5 тонна жартылай фабрикат өндіруге мүмкіндік береді.
БАҚ өкілдері мен блогерлерді осы баспасөз турына қатысуға шақырамыз.
Күні: 21 қараша, жиналу уақыты :сағат 9.45-те
Орналасқан жері
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001055590023/76.806195080280304,43.300819495365076Теплостил
Бижан ет өңдеу зауыты https://2gis.kz/almaty/geo/70000001041361879