Live
20 қараша Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
20 қараша Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
– сағат 11:00-де - «Қаржылық инклюзияны дамыту және қаржы ұйымдары үшін қабылданған стандарттар туралы» баспасөз-конференциясы.
Спикерлер:
– Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Қаржы қызметтерінің тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Терентьев Александр Леонидович.
– «Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі Комиссия» ҚБ төрағасы Бурашева Гульмира Майоровна.
– сағат 12:00-де – «Алматыдағы тіркеу науқанының қорытындылары туралы» баспасөз-конференциясы.
Спикер:
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Иманғалиева Ләйлә Тұрсынбекқызы.
сағат 14:00-де - 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күніне орай «Неонатологтар мен учаскелік педиатрлардың рөлі» туралы баспасөз-конференциясы.
Спикер:
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс неонатологы Плужникова Елена Александровна.
Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 17 қараша сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02