8 қараша Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

8 қараша Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

– сағат 11:00-де Онлайн - «Қандалаға қарсы емдеу шаралары және дезинфекциялау ережелері туралы» баспасөз-конференциясы.

Спикерлер:
– Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Каткенова Гаухар Сұлтанқызы.
– Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы директорының орынбасары Сейдуалиев Вахит Қалиұлы.
– дәрігер - эпидемиолог Өтегенов Бекболат Баталұлы.

– сағат 12:00-де  –  «Алматыда нашақорлықты, маскүнемдікті және лудоманияны емдеу шаралары туралы» баспасөз-конференциясы.

Спикер:
– Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы.

Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 7 қараша сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: