Live
«Республика күнін мерекелеу маңыздылығы, халықтар мәдениеті мен тілдерін дамыту және ұлттық бірегейлікті нығайту туралы»
Құрметті БАҚ өкілдері!
23 қазан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Республика күнін мерекелеу маңыздылығы, халықтар мәдениеті мен тілдерін дамыту және ұлттық бірегейлікті нығайту туралы» баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер:
– Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары, «Қазақстан Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша төрағасы Лукашев Всеволод Анатольевич.
– Алматы қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы, Халықаралық қатынастар докторы PhD Әбдіқалықов Қайыржан Саясатұлы.
– Алматы қаласы «Жастар Ассамблеясы» РҚБ мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы Кайрыев Рустам Абдусаламұлы.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының төрағасы, "Deutsche Allgemeine Zeitung"Республикалық неміс газетінің бас редакторы Клименко Олеся Сергеевна.
– қоғам қайраткері, қазақ тілінің маманы Кан Алина Александровна.
Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 20 қазан сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02