Live
«Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсеткен құтқарушылармен»
Құрметті БАҚ өкілдері!
20 қазан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсеткен құтқарушылармен» баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер:
– ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы, халықаралық дәрежедегі құтқарушы Цой Владимир Константинович.
– ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалы басшысының орынбасары, шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Пак Вадим Анатольевич.
– ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Балтабай Әділхан.
– ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы, кинологиялық бөлімінің маманы Құдайбергенов Әділет.
Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 19 қазан сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02