18 желтоқсан күні сағат 10.00-де Алматы хайуанаттар бағында* *баспасөз-туры өтеді* (кіру Орманов, 64 көшесінен).

 

Пресс-тур «Жаңғақты күз» акциясы аясында (емен жаңғақтарын кіру билеттеріне айырбастау бойынша) өтеді.

Баспасөз туры барысында журналистер емен жаңғағын сүйіп жейтін жануарлармен танысып, кіру билеттерін емен жаңғағына ауыстыруды тамашалап, жануарларды өз қолдарымен тамақтандырып, хайуанаттар бағында серуендей алады.

Аккредиттеуді Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі жүзеге асырады.

Бөлісу: