26 маусым Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

26 маусым Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

– сағат *11:00-де* - «Домбыра – қазақ халқының бай рухани тарихы мен салт-дәстүрінің символы. Құрманғазы оркестрі ұлттық музыка мен мәдениетті әлемге қалай насихаттайды» атты баспасөз конференциясы.

Спикерлер:
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің директоры Медет Қуанышев,
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепберген,
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің артисі Азамат Шнаров,
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің артисі Сағдат Ақжолова.

– сағат *15:00-де* – «Алматыда Құрбан айт мейрамын тойлау туралы» баспасөз конференциясы.

Спикерлер:
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Мырзабаев,
– Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан,
– Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Руслан Қайыргелді.

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 23 маусым сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: