Live
«Мемлекеттік қызметші мәртебесі, мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру және «меритократия» қағидаты туралы»
Құрметті БАҚ өкілдері!
19 маусым сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік қызметші мәртебесі, мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру және «меритократия» қағидаты туралы» баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер:
– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Шынарай Әлімхан,
– мемлекеттік қызмет ардагері Бақтияр Камалов,
– ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айгерім Абилова.
Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 16 маусым сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02