13 маусым Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

13 маусым Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

– сағат 11:00-де - «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жаз маусымындағы жұмысы туралы» баспасөз-конференциясы.

Спикерлер:
- Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков,
– Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Сәуле Бекетаева.

– сағат 14:00-де – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және заңнамадағы өзгерістер туралы» баспасөз-конференциясы.

Спикерлер:
– Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, Диас Дуанбеков,
– «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, ҚР Президентiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі Зүлфия Байсақова.

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 12 маусым сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: