Live
22 мамыр Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
22 мамыр Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
– сағат 11:00-де - «Маскүнемдік пен нашақорлыққа әкеп соғатын құмар ойындарға тәуелділіктің салдары жайында» баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
– «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» бас директоры Қуаныш Алтынбеков,
– аддиктолог, «Наркостоп» жобасының волонтері Ғалия Назханова.
– сағат 12:00-де – «Алматы қаласының жас кәсіпкерлер клубының ашылуы мен бизнес бастамаларды қолдау туралы» баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
– көшбасшылық және мотивация бойынша жаттықтырушы, психолог Асхат Абжанов,
– кәсіпкер, қоғам қайраткері Дамир Аманжолов,
– «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелеу бөлімінің бас маманы Нұрберген Таңырбергенұлы,
– Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімінің бас маманы Күләш Әділбекова.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 19 мамыр сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02