Live
17 мамыр Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
17 мамыр Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
– сағат 11:00-де - «Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы» баспасөз конференциясы.
Спикер:
– Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - бас мемлекеттік еңбек инспекторы Еркінбек Әмірғалиев.
– сағат 12:00-де – «Алматы қаласындағы музейлердің дамуы туралы (18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай)» баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
– «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының даму жөніндегі орынбасары Қайрат Тарбаев,
– Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова,
– Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон,
– Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі іс-шараларды, көрмелерді ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы Анна Кущенко.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 16 мамыр сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02