Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесе отырып, 19 мамырда сүңгуірлердің оқу-жаттығу жұмыстарына арналған пресс-тур ұйымдастырады.


Бұл іс-шаралар барлық шомылу маусымында өткізіледі.

Журналистер судан құтқару станциясына барып, содан кейін сүңгуір-құтқарушыларымен бірге Аэропортовское көліне оқу-жаттығуды түсіруге мүмкіндік алады. («Журналист мамандығын өзгертеді» жобасымен).

Құтқарушылар судағы қайғылы жағдайлардың алдыналуы туралы айтып, өз ұсыныстарын береді.

Айта кетсек, құтқарушылар сүңгуірлердің арнайы дайындығын, құтқару және эвакуациялауды, тереңдікке сүңгу арқылы әртүрлі техниканы пайдалана отырып, арнайы барлау сүңгуір жұмыстарын орындайтынын көрсетеді.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері де (ӨКҚ-ға алдын ала өтініш беру қажет) суға түсе алады.

Жиналу орыны 19 мамыр сағат 9.30-да
Республикалық жедел құтқару жасағы
Алматы қаласы, Дәулеткерей көшесі, 1/1

+7 (727) 372‒15‒46
+7 (727) 372‒15‒60

https://go.2gis.com/twf97y

Бөлісу: