Live
«Алматы медбикелерінің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі жайында (Халықаралық медбикелер күніне орай)»
Құрметті БАҚ өкілдері!
11 мамыр сағат 14:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматы медбикелерінің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі жайында (Халықаралық медбикелер күніне орай)» баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер:
– Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мейірбикесі, «№10 қалалық емхана» бас медбикесі Гүлнәр Қожақанова,
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мейірбике ісін дамыту жөніндегі үйлестірушісі, «№18 қалалық емханасының» мейірбике ісінің ардагері Майя Абабкова,
– Алматы қалалық кардиологиялық орталығының бас медбикесі Зағира Шүкірғалиева,
– денсаулық сақтау саласының ардагері Гүлшара Урмурзина.
Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 10 мамыр сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02