Live
2 мамырда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
2 мамырда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
– 11:00-де - «Кене шағуының эпидемиологиялық жағдайы мен энцефалитті алдын алу туралы» ОНЛАЙН баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
- Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы,
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Алматы қаласы бойынша дезинфекциялау орталығы» «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының директоры Берік Баймурзинов.
– сағат 12:00-де – «Алматылық делегацияның Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысуы туралы» баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
– Алматы ҚХА орынбасары, «Қазақстан Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Всеволод Лукашев,
– «Жастар Ассамблеясы» РҚБ мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Қайрыев,
– Алматы Ұлттық Корей орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан,
– «Ұйғыр авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан ұйғырлары республикалық этно-мәдени орталығының жоғары кеңесінің төрағасы, ҚХА мүшесі Ершат Асметов
– Алматы қаласы ҚХА Журналистер клубының төрағасы, «Deutsche Allgemeine Zeitung» Республикалық неміс газетінің бас редакторы Олеся Клименко.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02