18 сәуірде Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

18 сәуірде Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – ««Алматы қ. бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық қызметі мен сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер:
– Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметін басқару бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры Шынар Құлжанова
– Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Гүлнұр Душева
– Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Шолпан Қарабалаева
– Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Әділет Жаңабаев.  
 
- сағат 12:00-де – «ЭКҰ, квота, бедеулік себептері мен адам репродукциясы жайында» баспасөз-конференциясы өтеді. Спикерлер:
 – «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ЭКҰ бөлімінің меңгерушісі Радха Арипова
– «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ЭКҰ бөлімінің репродуктологы Эльвира Сарманова
– «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының» маман-эмбриологы Мадина Спанова.

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 17 сәуір сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: