24 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

24 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулезге қарсы күрес айлығының басталуы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» директоры Мәлік Әденов, Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығы директорының м.а. Қазима Қажыкенова, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қордың Қазақстандағы туберкулез компоненті бойынша менеджері Шахимұрат Исмаилов, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

- сағат 12:00-де – «Корей республикалық "Коре ильбо" газетінің 100 жылдығы, мерейтойлық күнге арналған іс-шаралар туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Корей республикалық "Коре ильбо" газетінің бас редакторы Ким Константин, бас редактордың орынбасары Фазылова Тамара, корей бөлімінің редакторы Нам Гён Дя.

- сағат 14:00-де – Түркиядан оралған Алматы құтқарушыларының алғашқы баспасөз конференциясы. Спикерлер – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы" ММ басшысы Цой Владимир, Джейкоб қызметтік иті бар кинологиялық бөлімшенің бас құтқарушы - маманы Берлібеков Ерік, құтқару бөлімшесінің басшысы Арыстанбаев Бауыржан, құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Әбдіқадыр Серғазы, құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Ысқақов Тахиржан.

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 23 ақпан сағат 14:30-ға дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: