10 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

10 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Парламенттік сайлауға дайындық туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова.

- сағат 14:00-де – «Алматы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орнатудың жаңа қағидалары туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев.

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 9 ақпан сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: