Live
8 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
8 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Сергек» бейнебақылау жүйесінің жұмысы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Серік Байғанин және "Коркем Телеком" ЖШС компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Арман Әлмереков.
- сағат 14:00-де – «Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің жаңа қағидалары және қараусыз жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидалары туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев, Алматы қаласы ветеринариялық қызметі басшысының міндетін атқарушы Марат Жүнісов.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 7 ақпан сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02