Live
3 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
3 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Алматы қаласында су тасқыны маусымына дайындық туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары Серік Саиров және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Алмат Жаныспаев.
- сағат 12:00-де – «Шетелдік автомобильдерді заңдастыру туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 2 ақпан сағат 14:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02