1 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

1 ақпанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа оқулықтар кешені» тақырыбында баспасөз-конференциясы. Спикерлер – «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айгерим Кудеринова, Арнайы және инклюзивті білім берудің әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімнің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ирина Елисеева, Арнайы және инклюзивті білім берудің әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімнің ғылыми қызметкері Жанбота Аханова.

- сағат 12:00-де – «Алматы қаласы Әділет департаментінің алаяқтық фактілері жиілеп кеткені туралы ресми үндеуі» тақырыбында баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әнуар Жексеков және Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев .

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 31 қаңтар сағат 17:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: