Live
«Қайрат» «Селтикті» жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасына өтті
27 Тамыз, 2025

Алматылық «Қайрат» плей-офф раундының қарымта матчында шотландиялық «Селтикті» өз алаңында жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Бұл клубтың ғана емес, бүкіл қазақ футболының жеңісі. Енді «Қайрат» Еуропаның кіл мықтыларымен бірдей ойнап, бақ сынайды футболда.
«Қайрат» футбол клубын тарихи жетістігімен – жеңісімен және Еуропаның ең беделді додасы, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймын! Алматылық команда өз шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Бұл жеңіс – барша алматылықтар үшін, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш. Клубқа алдағы уақытта да жеңіске жетіп, Еуропа алаңында сәтті өнер көрсетуді тілеймін. Алматыда салынып жатқан жаңа стадион Қазақстан футболының дамуына тың серпін берері анық. Жеңіс құтты болсын!» деп құттықтады Алматының әкімі Дархан Сатыбалды.