Live
Медеу ауданындағы абаттандыру жұмысы
16 Шілде, 2025
Достық көшесі - 109 мекенжайындағы бұл аула биыл жөнделетін 60 ауланың тізіміне кірген. Аудан әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындағы жөндеу жұмысымен танысты.
Медеу ауданында 536 аула бар, оның 414-і мемлекеттік тұрғын үй қорына жатады. Солардың арасындағы ең көбірек тозғанына күрделі өндеу жүргізіліп жатыр. Жұмыс мамыр айында басталған. Жоба аясында балалар мен спорт алаңы салынып, жарық қойылып, көгалдандыру жағы қолға алынып, демалу үшін қолайлы аймақтар жасала бастады. Барлық жұмысты күздің соңына дейін аяқтамақ ойда. Жобаға 2,6 миллиард теңге бөлінген.
Сонымен қатар, аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асып жатыр. 650-ден астам тұрғынның ұсынысы қаралып, осы мақсатқа 2 миллиард теңге бөлініпті. 2025 жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін бағдарлама бойынша 22 ауланы жөндеп шықпақ.
«Аудан аумағында аулаларды күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. БНБ аясында 22 аула жаңартылды. Оның ішінде жабындарды ауыстыру, сыртқы жарықтандыру мен кіші архитектуралық нысандарды орнату бар», - деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Азат Кәкетаев.
Әкімдіктегілер атап өткендей, 2023 жылы 80 аулада ағымдағы жөндеу жұмыс жүргізіліп, БНБ бағдарламасы бойынша 27 ауланы абаттандыррып шыққан. 2024 жылы 13 ауланы жөндеп, 46 аулаға БНБ бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмысы жүргізілді. 2026 жылға дейін тағы 31 аулан күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Медеу ауданында аула аумақтарын жаңарту жұмыстарын тұрғындардың пікірін ескере отырып қолға алып жатыр. Мұндай жобалар ауданның көке оранып, қолайлы жерге айналуына сеп болмақ.