Almaty Half Marathon-ға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңға жуық жүгіруші қатысады

16 Сәуір, 2025

Алматы Almaty Half Marathon 2025 шарасына дайындалып жатыр - бұл елдегі Almaty Marathon-нан кейінгі ең ірі спорттық оқиға болмақ. Жартылай марафон 20 сәуірде өтіп, көктемнің нағыз спорт мерекесіне айналады. Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Смелость быть первым» корпоративтік қоры.

«Смелость быть первым» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында атап өткендей, жыл сайын жартылай марафон жүгіруді ұнататын мыңдаған спорт әуесқойларын жинайды.

Жарыс жолы қатысушыларға асқақ таулардың көрінісін ұсынып, қаланың әсем жерлерінен өтеді. Старт - Тұңғыш Президент саябағында, одан әрі маршрут Әл-Фараби даңғылымен өтіп, орталық стадионда (Сәтпаев көшесі, 29/3) аяқталады.

«Біз Almaty Half Marathon-ды көктемгі ерекше атмосферасы үшін жақсы көреміз - бұл қысқы тыныштықтан кейінгі алғашқы ірі бастама. Биыл біз қатысушылардың санын 2000 адамға арттырдық - 8000-нан 10000-ға дейін. Жарысқа дайындық старттың өзінен кем емес маңызды, сондықтан біз жүгірушілер үшін барлық жағдайды жасаймыз. Осы маусымда Community Almaty Run жобасы іске қосылды - бұл жүгіруді ұнататын адамдардың қауымдастығы, мұнда қатысушылар тәжірибе алмасады, бір-біріне қолдау көрсетеді және қор ұйымдастыратын жарыстарға бірге дайындалады. Сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер үшін тегін жаттығулар өткізіледі», - деп атап өтті Салтанат Қазыбаева.

Оның айтуынша, жартылай марафонның бағыты тарихи сәулет өнері мен заманауи урбанистикалық шешімдер үйлесім тапқан қаланың көрікті жерлерін тамашалауға бірегей мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылар қарлы таулар аясындағы гүлге бөленген қаланың әсем көрінісін тамашалай алады.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке ерекше назар аударады. Қатысушылар өздерімен бірге алып келетін артық киімдерін старт алаңында қалдыра алады. Егер ұзақ уақыт бойы салқын ауа-райында күтуден шаршап, тоңып қалудан қорықсаңыз, күртке, жемпір немесе басқа жылы киім киіп келіңіз - оны кейіннен қалдыруға болады. Әрбір кластердің жанында киімдер жинау аймағы орнатылған. «Тепло» жобасының қызметкерлері барлық киімдерді мұқият жинап, сұрыптап, оларды көмекке мұқтаж адамдарға жеткізеді. Айта кететін жайт, Орталық Азиядағы ең ірі марафон - Almaty Marathon-ы бастауын алып және аяқталатын Жаңа алаңда (Республика алаңы) қор «Тепло» қайырымдылық экожобасының арнайы жинау боксын орнатқан.  Айта кететін жайт, Орталық Азиядағы ең ірі марафон - Almaty Marathon-ы Жаңа алаңда (Республика алаңы) бастауын алып, аяқталады. Алаңда қор «Тепло» қайырымдылық экожобасының арнайы жинау боксын орнатқан.

Жарыстың ұйымдастырушысы «Смелость быть первым» қоры бір рет пайдаланылатын құрылымдардан бас тартып, іс-шараларда қайта өңдеуге арналған контейнерлер орнатып, биологиялық ыдырайтын материалдарға көшті. Қор электрондық ескертпелерге ауысып, старттық жинақтарда баспа өнімдерін минималды түрде пайдалануға тырысады. 2024 жылы ұйым іс-шаралардан шыққан CO₂ қалдықтарын 376,4 кг-ға азайтты.

«Біздің мақсатымыз - тек спорттық жетістіктерге жету ғана емес, сонымен қатар өзара қолдау мен жанашырлыққа негізделген қауымдастық қалыптастыру. Қайырымдылық боксына киім қалдыру секілді қарапайым әрекеттің өзі біреудің өмірін өзгертуі мүмкін. Биыл қаңтар, ақпан және наурыз айларында «Тепло» жобасымен бірлесіп 503 келі киім жиналып, 114 адамға нақты көмек көрсетілді», - деді Салтанат Қазыбаева.

Almaty Half Marathon жарысында өз қашықтығын жүгіріп өткен барлық қатысушылар мәреші медалін алады.

Айта кетейік, 2025 жылдан бастап қатысушылар слотты сатып алу кезінде кез-келген сомада айырымдылық жарна аудару мүмкіндігіне ие болады. Биыл Almaty Marathon Шымкент пен Түркістан облысында сәбилердің мүгедектігіне қарсы күреске 106 241 284 теңге бағыттап, екі ауқымды қайырымдылық бастамасын іске асыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы - Almaty Marathon-ға тіркеу әлі де жалғасуда. Марафон 2025 жылдың 28 қыркүйегінде өтеді. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.

Бөлісу: