Live
«Сапа стандарттан басталады: тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі»
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылғы 12 қазан күні сағат 11:00-де Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сапа стандарттан басталады: тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі» атты баспасөз конференциясы өтеді.
Спикер:
Пирманбетова Нагима Алмасовна - ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Алматы мен Алматы облысы бойынша бөлімшесінің өкілі.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 9 қазан күні сағат 14:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty