Қағаз хаттан цифрлық қызметке дейінгі жол: бүгінгі пошта байланысы қалай жұмыс істейді

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 8 қазаны күні сағат 12:00-де Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күніне орай «Қағаз хаттан цифрлық қызметке дейінгі жол: бүгінгі пошта байланысы қалай жұмыс істейді» атты баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

Рүстем Нұркен Иманбекұлы - «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесінің директоры;

Агадилов Бексултан Ержанович - «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесі директорының бизнес жөніндегі орынбасары;

Қасымбеков Ықтияр Сәбитұлы - «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;

Айнабеков Мирас Маратович - «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесі директорының әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары;

Имашева Тлеукуль Толеуовна - «Қазпошта» АҚ Алматы бөлімшесі директорының EMS қызметі жөніндегі орынбасары.

Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 7 қазан күні сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty 

Бөлісу: