Live
«Әлеуметтік қорғау саласын дамыту: орталықтың жобасы мен жоспары»
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 11:00-де Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қорғау саласын дамыту: орталықтың жобасы мен жоспары» атты баспасөз конференциясы өтпек.
Спикер:
Нәси Сырым Қажымұратұлы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының бас директоры.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 10 қыркүйек күні сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty