Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің жаңа концерттік маусымының ашылғаны

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 10 қыркүйегі күні сағат 11:00-де Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің жаңа концерттік маусымының ашылғаны» туралы баспасөз конференциясы өтпек.

Спикерлер:

Тілепберген Абылай Жанболатұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері;

Сабырғалиева Санжан – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі;

Смайлова Шолпан Арықбайқызы – концерттік бөлім жетекшісі.

Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 9 қыркүйек күні сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: