Live
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 26 тамызы күні Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде бірнеше баспасөз конференциясы өтеді:
Сағат 11:00-де - «Алматыдағы биылғы күздегі күн райы мен климаттық ерекшелігі туралы» тақырыбында.
Спикер:
Кисебаев Дәулет Құрманғазыұлы – «Қазгидромет» РМК-ның Алматы мен облыс бойынша бөлімшесінің метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы.
Сағат 12:00-де - «Oi-Lab: Алматыда қала мәселесіне қатысты маман даярлайтын алаң құрылады» тақырыбында.
Спикер:
Кайрыев Рустам Абдусаламович - қоғамдық-саяси қайраткер, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Oi-Lab жобасының кураторы.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 25 тамыз күні сағат 16:30-ға дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty