Live
«Жасанды интеллект дәуіріндегі шығармашылық мамандықтардың өзгеруі»
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 25 тамызы күні сағат 11:00-де Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде бірнеше баспасөз конференциясы өтеді:
Сағат 11:00-де - «Жасанды интеллект дәуіріндегі шығармашылық мамандықтардың өзгеруі» деген тақырыпта.
Спикерлер:
Бакеева Мадина Кайратжанқызы - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино және ТВ факультетінің деканы, PhD докторы;
Сарыбай Мадияр Ерғалиұлы - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы;
Исалиев Арман Темірбайұлы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының оқытушысы.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 24 тамыз күні сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty