Live
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 18 тамызы күні сағат 12:30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына даярлығы мен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізу» атты баспасөз конференциясы өтпек.
Спикер:
Аралбаев Сәкен Жаббарұлы – Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 17 тамыз күні сағат 16:30-ға дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty