Als операторларын даярлау курсын сәтті аяқтаған ұшқышсыз авиациялық жүйелер мектебінің тыңдаушыларын салтанатты түрде шығару

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АНОНС

 

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

2026 жылғы 31 шілдеде сағат 10:00-де Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу полигонында БАС операторларын даярлау курсын сәтті аяқтаған ұшқышсыз авиациялық жүйелер мектебінің тыңдаушыларын салтанатты түрде бітіру өтеді.

Іс-шара аясында курсты аяқтағаны туралы куәліктерді салтанатты тапсыру, пилотсыз ұшу аппараттарының көрсетілімдік ұшуы, отандық және заманауи ҰҰА үлгілерінің мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің Мектеп түлектерімен және басшылығымен қарым-қатынасы өтеді.

Оқу барысында әскери қызметшілер ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолданудың заманауи әдістерін меңгеріп, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлі түрлерін басқарудың, әуе барлауын жүргізудің, отты түзету мен заманауи технологияларды пайдалана отырып, арнайы міндеттерді орындаудың практикалық дағдыларын алды.

 

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

Журналистердің «Әли» полигонына ұйымдасқан түрде шығуы үшін көлік қарастырылған. 2026 жылғы 31 шілдеде Алматы қаласы, Республика алаңы, 13 мекен-жайы бойынша Тәуелсіздік монументінің жанында сағат 8.00.

Назар салыңыздар. Аккредиттеу міндетті. Деректерді (Т.А.Ә., нөмір, ЖСН, телефон нөмірі, техниканың атауы) ағымдағы жылғы 30 шілде сағат 13.00-ге дейін korganys_baspasoz@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша: Меруерт Мақашева +7 747 491 39 42, Кристина Новикова +7 7007155191, Мадияр Маханбетов + 7 705 852 77 76.

Бөлісу: