Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылғы 30 шілде күні сағат 11:00-де Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматының теміржол көлігі: тасымалдау қауіпсіздігі, инфрақұрылымды дамыту мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру» атты баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

Ақпанов Бекболат Бақытжанұлы – «Алматы-2» теміржол вокзалының бастығы;

Әбілпаттаев Бақытжан Әлжанұлы – «Алматы-1» теміржол вокзалының бастығы;

Қыдықова Аймгүл Мұхарияқызы – «Алматы-2» теміржол вокзалы медициналық пунктінің қызметкері;

Дүкенбаев Бауыржан Мұратұлы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бастығының көмекшісі.

Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 29 шілде күні сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: