«Алматы мен облыстың таулы және далалы аумағында орман өртінің алдын алу туралы» атты баспасөз конференциясы

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 28 шілде күні Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мынадай баспасөз конференциясы өтеді:

10:00 – «Алматы мен облыстың таулы және далалы аумағында орман өртінің алдын алу туралы» атты баспасөз конференциясы.

Спикерлер:

Байшалов Бекзат Ерденұлы – «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы;

Мұхаметжанова Райхан Оразқанқызы – «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орманды қорғау, молықтыру және қалпына келтіру бөлімінің басшысы;

Әлімқұлов Мақсат Мәлімбекұлы – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы;

Байсултанов Руслан Молдабекович – «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары;

Нысанбаева Гульмира Нуралиевна – «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Үркінбаев Аманжол Темірбекұлы – «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары;

Құсайынов Айбол Қанатұлы – Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы.

Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды *2026 жылдың 27 шілде күні сағат 16:00-ге дейін* «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty
 

Бөлісу: