Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылғы 24 шілде күні сағат 10:00-де Алматының Алмалы ауданы әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп аудан аумағында жүзеге асқан абаттандыру жобасына арналған баспасөз турын өткізбекші.

Нысандарды аралау бағдарламасы: 1. Панфилов көшесі (Жібек жолынан Райымбек даңғылына дейін) «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың бастамасымен жүзеге асып жатқан Алматыдағы жаяу жүргіншілердің танымал серуендейтін аймағының жалғасы. 2. Чайковский көшесі (Қазыбек биден Әйтеке би көшесіне дейін) Қала тұрғындарының белсенділігінің арқасында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қаладағы тығыз құрылыстың ішінде жайлы қоғамдық кеңістік пен жасыл оазис қалыптастыру жобасы. 3. Тарихи тұрғын үйлердің қасбеті (Назарбаев даңғылы, 161 / Шевченко көшесі, 51) Ескі тұрғын үй қорының қасбетін кешенді эстетикалық жөндеу (қайта жаңғырту емес). Жоба қауіпсіздікке, материалдардың сапасы мен тұрғындармен ашық диалогқа басымдық бере отырып жүзеге асты.

Жиналатын жер: Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі, Желтоқсан көшесі, 185. https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375097526?m=76.942125%2C43.234546%2F16.15

Жиналатын уақыт: 2026 жылғы 24 шілде, сағат 09:30

Тіркелуге арналған байланыс нөмері: +7 706 633 7852

Бөлісу: