IV Халықаралық «Almaty Circus Festival» фестивалінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

IV Халықаралық «Almaty Circus Festival» фестивалінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді

2026 жылғы 22 шілдеде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық Almaty Circus Festival фестивалінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Фестиваль әлемнің әртүрлі елдерінен келген кәсіби цирк әртістерін, халықаралық сарапшылар мен өнер сүйер қауымды бір алаңға тоғыстыратын маңызды мәдени іс-шара болып табылады. Баспасөз конференциясы барысында фестивальдің бағдарламасы, қатысушы елдер мен әртістер, қазылар алқасының құрамы және биылғы фестивальдің ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылады.

22 шілде сағат 18:30-да фестивальдің салтанатты ашылуы өтіп, көрермен назарына «А» бағдарламасы ұсынылады.

Баспасөз конференциясының уақыты: 16:30.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 50, Қазақ мемлекеттік циркі.

Аккредитация сұрақтары бойынша:

Ақбибі

📞 +7 708 814 50 82

Бөлісу: