«Тау-Жаңашар» лагеріне баспасөз туры: балалардың жазғы демалысы қалай өтуде?

БАСПАСӨЗ ТУРЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 9 шілдесі күні сағат 08:30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Алматы қаласының Білім басқармасымен бірлесіп  қала сыртындағы «Тау-Жаңашар» балалар лагеріне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырады.

Баспасөз туры барысында журналистер балалардың жатын жерін, ас-суы қалай екенін, бос уақытын қалай өткізетіндерін, білім беру мен спорттық іс-шарамен қалай қамтылғанын, сондай-ақ қауіпсіздік жүйесі мен медициналық қызмет көрсетудің қалай ұйымдастырылғанын барып көріп қайтады.

Білім басқармасының өкілдері мен лагерь әкімшілігі жазғы сауықтыру маусымына даярлықты, балаларға жайлы, қауіпсіз жағдай жасау үшін қолға алынған жұмысты баяндап, журналистердің қойған сұрағына жауап береді.

Жиналу орны: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін арнайы автобус ұйымдастырылады.

Тіркелуге өтініштеріңіз бен сұрақтарыңызды «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына немесе +7 706 633 7852 байланыс нөмеріне жолдауыңызды сұраймыз.

Бөлісу: