Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылғы 29 маусымда сағат 10:00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы бірлесіп Алматы қаласының Кардиологиялық орталығында баспасөз-турын өткізеді.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері клиника базасында ашылған жаңа Аорта патологиясы орталығының қызметімен танысады. Сондай-ақ, медициналық ұйымда енгізілген жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістері туралы ақпарат алады.

Сонымен қатар, қатысушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмекті алу мүмкіндіктерімен танысып, жүрек пен қан тамырларына аз инвазивті және инновациялық операциялар жүргізілетін орталық бөлімшелерін аралайды.

Спикерлер:

Қуатбаев Ермағамбет Мұханұлы - Алматы қалалық Кардиологиялық орталығының директоры; 

Шынар Жанызаққызы Әлжанова - ӘМСҚ-ның Алматы қаласы бойынша халықты ақпараттандыру бөлімінің жетекшісі. 

Жиналу күні мен уақыты: 2026 жылғы 29 маусым, сағат 09:30

Жиналу орны: Городской кардиологический центр, Төле би көшесі, 93 https://go.2gis.com/xNWXr   

Тіркелу үшін өтінімдерді 2026 жылғы 26 маусым сағат 14:00-ге дейін +7 706 633 7852 (WhatsApp) нөміріне жолдауларыңызды сұраймыз.

Бөлісу: