«Алматыдағы шомылу маусымы: судағы оқыс оқиғаның алдын алудың жолы» атты баспасөз конференциясы

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 23 маусым күні Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мынадай баспасөз конференциясы өтеді:

12:00 - «Алматыдағы шомылу маусымы: судағы оқыс оқиғаның алдын алудың жолы» атты баспасөз конференциясы.

Спикерлер:

Бекмұхамбетов Дәулет – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысының міндетін атқарушы;

Серікбай Біржан – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы;

Жұмақанов Ерлан Борамбайұлы – Апаттар медицинасы орталығы филиалы басшысының орынбасары, дәрігер.

Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 22 маусым күні сағат 18:30-ға дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында:
www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: