Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 19 маусымында сағат 11:00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп, «Судьялар мен сот қызметкерлері күні» және Қазақстан Республикасы Әкімшілік әділет органының 5 жылдығы аясында «Судьяның бір күні» тақырыбында баспасөз турын өткізеді.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотындағы судьялардың күнделікті жұмысымен, әкімшілік істерді қарау ерекшеліктерімен, сот жүйесінің цифрлық қызметтерімен және мемлекеттік органдармен даулардағы азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерімен танысады.

 

Спикер:

Төлегенов Турсыналы Алимханович - Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қызметкерлері.

 

Жиналу күні мен уақыты: 2026 жылғы 19 маусым, сағат 11:00

Жиналу орны: Қарасай батыр көшесі, 85.

Баспасөз турына қатысу үшін БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 18 маусым сағат 14:00-ге дейін тіркеуден өтуді сұраймыз. Өтінімдер +7 706 633 7852 (WhatsApp) нөмірі арқылы қабылданады.

Бөлісу: