Live
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 17 маусым күні Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында келесі баспасөз конференциялары өтеді:
10:00 - «Халыққа құқықтық көмек көрсетуге бағытталған “Заң мен әділдік – елдің іргетасы” жобасының бірінші кезеңінің қорытындылары: нәтижелер, жетістіктер және алдағы міндеттер» тақырыбында баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
Қадырқұлова Айгерім Рахатбекқызы – «Заң мен әділдік – елдің іргетасы» жобасының заңгері;
Сахов Нұрғали Қалмұратұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
Көбеева Маржан Асқарқызы – үкіметтік емес ұйымның заңгері;
Амбракулова Зарина Рустамовна – Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілі.
11:00 - «Жаңа бизнесті ашу және дамыту үшін өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар беру туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы.
Спикер:
Жанабаев Әділет Дәулетұлы – «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» директорының орынбасары.
12:00 - «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі азаматтары үшін қолжетімді және кедергісіз орта қалыптастыру туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы.
Спикер:
Мұратбеков Мұрат Төлемісұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 16 маусым күні сағат 18:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty