«Жасөспірімдерді есірткі бизнесіне тарту: психологиялық ықпал ету тәсілдері және ата-аналар нені білуі керек?»

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 9 маусым күні сағат 10:00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жасөспірімдерді есірткі бизнесіне тарту: психологиялық ықпал ету тәсілдері және ата-аналар нені білуі керек?» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы – «Наркостоп» жобасының кураторы;

Көбеев Дәурен Асқарұлы – Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

Назханова Галия Әлжапарқызы – дәрігер-нарколог.

Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 8 маусым күні сағат 18:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty
 

Бөлісу: