Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылғы 10 маусымда сағат 09:00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ-мен бірлесіп «9 жыл қолдау, қорғау және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз турын өткізеді.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көмек көрсететін «Жан-Сая» дағдарыс орталығының қызметімен танысып, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетудің қолданыстағы тетіктері туралы ақпарат алады.

Сонымен қатар, баспасөз турына қатысушылар орталықтағы тұру жағдайларымен және мамандардың жұмысымен танысып, көрсетілген қолдаудың арқасында өмірлік қиын жағдайларды еңсеріп шыққан әйелдермен кездеседі.

Спикерлер:

Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы - «Жан-Сая» дағдарыс орталығының директоры, «Дағдарыс орталықтары одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі;

«Жан-Сая» дағдарыс орталығының мамандары.

Жиналу күні мен уақыты: 2026 жылғы 10 маусым, сағат 09:00

Жиналу орны: Желтоқсан көшесі, 185, Тимирязев көшесінің қиылысы (АСК ғимараты).

Баспасөз турына қатысу үшін БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 9 маусым сағат 14:00-ге дейін тіркеуден өтуді сұраймыз. Өтінімдер +7 706 633 7852 (WhatsApp) нөмірі арқылы қабылданады.

Қатысушылар үшін трансфер ұйымдастырылады.

Бөлісу: