Live
Балаларды қорғау күніне орай Алматыда жазушы Ильяс Юсуф қатысатын қайырымдылық әдеби іс-шара өтеді
Алматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңы мен оқу жылының аяқталуына орай жазушы, драматург және қоғам қайраткері Ильяс Юсуфтың қатысатын үлкен қайырымдылық мәдени іс-шара өтеді. Қоғамдық маңызы бар бұл бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру және «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.
Ильяс Юсуф – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ол 2020 жылы еліміздегі ең жас автор атанып, заманауи қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінде ол жастар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған мәдени-ағартушылық жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Аталған шара аясында автор жазушылық мансабының 7 жылдығын атап өтіп, мектептерге, кітапханаларға және жас оқырмандарға қазақ және орыс тілдеріндегі туындыларын сыйға тартады. Олардың қатарында қазақ хандығы туралы комикстер «Керей мен Жәнібек», «Тень ангела», «Ночная симфония», «Я вчера. Сегодня. Завтра», «Жизнь моими глазами» және т.б. кітаптары бар.
Шараның негізгі мақсаты – оқу мәдениетін дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында отандық әдебиетті насихаттау, заманауи басылымдар мен тарихи комикстер арқылы білім беру мекемелеріне қолдау көрсету.
Іс-шараға мәдени ұйымдардың өкілдері, педагогтар, жас авторлар, блогерлер және қоғам қайраткерлері қатысады.
Бұл іс-шара кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық әдебиетті қолдауға бағытталған Алматы қаласының маңызды мәдени-әлеуметтік оқиғасына айналмақ.
Өтетін орны мен уақыты:
Алматы қаласы, Нұркент ы.а., 5/11
Alatau Creative Hub орталығы
2026 жылғы 2 маусым, 12:00
Қосымша ақпарат:
Алматы Кітапханаларының баспасөз
қызметінің жетекшісі – Ақбота Әбдіғаппарова
Телефон: +7 708 870 9905
Электрондық пошта: info@almatylibrary.kz