6 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

6 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Некеге тұру және ажырасу саны бойынша» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Зәуреш Сатхожина, Алматы қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысының м. а. Ләззат Сыдықова және Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дюсембаева. 

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 5 қыркүйек сағат 16:30-ға дейін жолдауларыңызды сұраймыз. 

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында. 
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02 

Бөлісу: