27 маусым Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-конференциялары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

27 маусым Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-конференциялары өтеді:

– сағат 10:30-да - «Алматы қаласының XIII Азаматтық форумының қорытындысы туралы» баспасөз конференциясы.

Спикерлер:
– Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов,
– «Аман-Саулық» Қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова,
– «Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Рафаэль Гасанов.

– сағат 12:00-де - «Қала аумағы мен таулы орман алқаптарында өрттердің алдын-алу туралы» баспасөз конференциясы.
 
Спикерлер:
– Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов,
– Іле-Алатау ұлттық паркінің «Экологиялық ағарту және туризм бөлімі» басшысы Жансая Әутәліп,
– «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылау бөлімінің басшысы Арман Тілепбергенов.

– сағат 14:00-де - «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесінде не өзгереді» тақырыбында баспасөз конференциясы.
 
Спикерлер:
– «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов,
– «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов.

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 26 маусым сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: