Қазақстанда 41 мыңға жуық педагогке біліктілік санаты үшін 30-50% аралығында қосымша үстемеақы төленеді

12 Желтоқсан, 2025

Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 103 мың педагог қызмет етеді. 2019 жылдан бастап балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы 130%-ға артты. Сондай-ақ 41 мыңға жуық ұстазға біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысына 30-50% аралығында қосымша үстемеақы төленбек. Соңғы үш жылда жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санаты барлардың үлесі 43%-дан 47%-ға өсті.

Оның хабарлауынша, балабақша жанындағы 337 құзыреттілік орталықтарында педагогтердің үздік тәжірбиесі жинақталып, таратылуда. Соңғы 3 жылда 58% мектепке дейінгі білім саласының педагогтері білім жетілдіру курстарынан өткен.  

«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының педагогтердің тамыз мәслихатында берген тапсырмасына сәйкес «Педагог мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізілуде. «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында педагогтік әдеп – мінез-құлық нормалары, заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.  Педагогтердің педагогтік әдеп ережелерін білуі, сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі. Олар қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта да педагогтік әдептің негізгі принциптерін сақтауы тиіс, педагогтік әдепті бұзу еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді», – деді спикер. 

Педагогтік әдепті сақтау мониторингін әрбір мектепке дейінгі ұйымның  Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестері жүзеге асырады.

Бөлісу: