Алматыда баспасөз хатшыларына арналған тренинг болып өтті

13 Тамыз, 2025

Өңірлік коммуникациялар қызметінің бастамасымен Алматыда мемлекеттік мекемелерге арналған «PR-технологиялар және дағдарыс-менеджмент» тақырыбында оқыту тренингі болып өтті. Іс-шараға қала әкімдігі мен департаменттердің баспасөз хатшылары қатысты.

Тренингке 50 маман қатысып, олар дағдарыс кезінде қалай жұмыс істеу керектігін меңгеріп, көпшілікпен байланыс орнатудың әдіс-амалын жетілдірді. Сонымен қатар, журналистермен, блогерлермен байланыс жасау жолдары, әлеуметтік желімен, мобилографтармен жұмыс істеу тәсілі талқыланды.

Тренерлер баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындылығына тікелей әсер ететінін атап өтті. Олар нақты мысал арқылы дағдарыста тиімді әрекет етудің жолдарын көрсетіп, стратегиялық жоспарлау бойынша тәжірибе бөлісті.

Оқыту еркін әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, танысып, өз бастарынан өткен қызықты жайттарды талқылады. Тренингтің соңында қатысқандардың барлығына бағдарламаны сәтті меңгергенін растайтын сертификат табыс етілді.

Бөлісу: