Достық даңғылының бойында жаңа жаяу жүргіншілер кеңістігі құрылмақ

17 Шілде, 2025

Алматы қоғамдық кеңістікті дамытып жатыр. Шілде айында Достық даңғылының Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігін қайта жаңғырту жұмысы басталды. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында БАҚ өкілдері осы нысанды аралап көрді.

Басқарма басшысы Батырхан Сүлейменовтың айтуынша, жоба қаладағы басты күре жолдың бойында жаяу жүргіншілерге арналған жайлы аймақ құруға бағытталған.  

«Достық даңғылы бойындағы жолдың жиегі тар болғандықтан, жаяу жүргіншілер велосипедшілермен, самокат мінгендермен қатар жүре алмайды. Сонддықтан жаяу жүргіншілер мен велосипедке арнап жолды екіге жаратын жобалық шешім қабылданды», – деді Батырхан Сүлейменов.

Қайта жаңартылған аумақ – 1,5 шақырым, ауданы – 4,17 гектар. Жобада жалпы аумағы 22 мың м²-ден асатын жол салынып, жаяу жүргіншілер жамылғысы орнатылады, оның ішінде 15 197 м² асфальт-бетон жолдар мен тротуарлар, сондай-ақ 6 923 м² бетон тақтадан тұратын жаяу жүргіншілердің аймақтары да бар. Көгалданған жердің көлемі 17 800 м²-ден аспақ.  . Сонымен қатар сәулеттік әрлеу элементтері орнатылып, тұрғындар үшін тартымды нүктелер жасалады.

«Достық даңғылы бойында біз тек жаяу жүргінші аймақтарын абаттандыруды көздейтін жұмыстарды істеп жатырмыз, жол бөлігіне тиіспейміз. Көлік қозғалысы тоқтамайды, еркін жүре береді. Бұл адамдадың жүріп-тұруына қолайсыздық келтірмес үшін жасалып отыр», – деп атап өтті басқарма басшысы Батырхан Сүлейменов.

Жұмысты 2026 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу: